Беларусь билігі Польша мен Литва сегіз мыңнан астам босқынды ел аумағына кіргізуді жоспарлағанын айтты.
Соңғы екі айдың ішінде Беларусь шекарашылары осындай 700-ден астам әрекеттің жолын кесті. Бұл туралы жексенбі күні Беларусь қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттік хатшысы Александр Вольфович ONT телеарнасының эфирінде хабарлады.
«Тамыз-қыркүйек айларында юосқындарды Польша мен Литва аумағынан Беларусь жеріне шығармақ жібермек болған 700-ден астам әрекеттің жолы кесілді. Поляктар мен литвалықтар 8,5 мыңнан астам босқынды Беларусь аумағына кіргізбек болды. Оларды жібермес бұрын ұрып-соғып, электрошокермен соғады және мұндай жағдайлар күн сайын орын алып отыр», — деді Қауіпсіздік Кеңесінің мемлекеттік хатшысы.
Ол «Беларусь арқылы шығыс Еуропа аумағына өтіп кетпек болып отырған көші-қон ағынына Беларусь кінәлі емес» деп мәлімдеді. «Беларусьті айыптаудың қажеті жоқ, дегенмен бізді бұған кінәлі қылып жатыр. Бұны Батыстан осы көші-қон процесстеріне не ықпал етіп жатқанын сұрауымыз керек», — деп атап өтті мемлекеттік хатшы.
Беларусь Қауіпсіздік Кеңесінің мемлекеттік хатшысы Литва мен Польшамен арадағы шекарадағы жағдайды бағалады
Беларусьтің Еуроодақпен арадағы шекарада орын алып жатқан жағдайды бағалай отырып, Вольфович « бұған дейін сақталған қолданыстағы халықаралық шарттар мен екіжақты келісімшарттарға сәйкес жұмыс істеудің орнына, Батыс бұл проблемадан бас ала қашуға тырысады». «Сол себепті шекара арқылы өтпек болып отырған адамдар қайтыс болып жатыр. «Келіссөздер үстеліне отырып, келісімге келудің жолын табу керек», — деді Беларусь Қауіпсіздік Кеңесінің мемлекеттік хатшысы.