Павлодар облысының тұрғыны еңбек құлдығынан құтқарылды

Павлодар облысының тұрғыны бейнеүндеу жасап, өзін Қарағанды маңында еңбек құлдығында ұстағаны туралы айтқан.

Қарағандылық полицейлер әлеуметтік желіде жарияланған бейнехабарлаға қатысты оқиғаның мән-жайын анықтауда. Кадрда ер адам оны бір жігіт еңбек құлдығында ұстағанын және ұрып-соққанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Қазинформ» ХАА тілшісі.

Құлдықта қалған Павлодар облысының тұрғынының бейнеүндеуі

«Тамыз айында мен Маратқа жұмысқа тұрдым. Железинск ауданына барып, онда бір нысанды өңдедік. Ол маған еңбекақымды төлемеді. Мен одан жалақымды сұрағанда, ол мені ұрып-соқты. Содан кейін Қарағандыға екінші нысанға бардық. Онда да жұмыс істедік. Содан кейін мен тағы да жалақы сұрадым. Ол мені тағы ұрды. 21 қыркүйекте мен түскі уақытта қашып кеттім. Марат менің ұялы телефонымды алып қойды. Сондай-ақ, менің құжаттарым, жеке заттарым сол жерде қалды. Бригаданың алты адамынан қазір екі адам қалды. Біреуі – Қырғызстан азаматы. Жұмыс істейміз, ақшамызды сұраймыз. Бірақ олар бізге бермейді. Тек мезгіл-мезгіл ұрып-соғады. Менің жалақымды төлеуге көмектесуді және оны ұрып-соғу фактісі бойынша жауапқа тартуды сұраймын. Көмек сұраймын», — дейді ер адам.

Қарағанды облысының ПД құлдықта ұстау дерегі бойынша түсініктемесі

Қарағанды облысының Полиция департаменті бұл істің мән-жайын анықтап жатқанын мәлімдеді.

«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында ер адамға атқарылған жұмыс үшін ақша төлемеу және жұмыс беруші тарапынан ұрып-соғу фактісі бойынша бейнеөтініш жолданды. Аталған факті Қарағанды қаласының полиция басқармасында тіркелді.

Полиция қызметкерлері видео авторының – Павлодар облысының 41 жастағы тұрғынының кім екенін анықтады. Қазіргі уақытта оның орналасқан жері анықталып жатыр», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Добавить комментарий