Ресейдің тұрақты өкілі ЕҚЫҰ-ға Украина аумағында бұқаралық ақпарат құралдарын қудалауды тоқтатуға шақырды.
Александр Лукашевичтің айтуынша, Теледидар және радио хабарларын тарату мәселелері жөніндегі ұлттық кеңестің «НАШ» телеарнасынан лицензиясын қайтарып алу процесіне кірісуі Украина билігінің ақпараттық алаңды тазарту жөніндегі іс-қимылының кезекті көрінісі болып отыр.
ЕҚЫҰ Украина билігінің қалаусыз деп таныған бұқаралық ақпарат құралдарын жүйелі түрде қудалауын назарға алу керек. Бұл туралы бейсенбі күні Ресейдің ЕҚЫҰ жанындағы тұрақты өкілі Александр Лукашевич мәлімдеді.
ЕҚЫҰ тұрақты кеңесінің отырысында ресейлік дипломат атап өткендей, Теледидар және радио хабарларын тарату мәселелері жөніндегі ұлттық кеңестің «НАШ» телеарнасынан лицензияны қайтарып алу процесіне біле сыбана кірісуі Украина билігінің ақпараттық алаңды тазарту жөніндегі іс-қимылының кезекті көрінісі болып отыр.
«Сонымен қатар, аталған орган «Интер» және «Первый независимый» телеарналарына кезектен тыс тексеруді тағайындады», — деп толықтырды РФ тұрақты өкілі.
«ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілі Тереза Рибейрді осындай қатаң цензураға ерекше назар аударуға шақырамыз. Украина билігінің қалаусыз деп таныған басылымдарды жүйелі қудалауы ЕҚЫҰ-ның араласуын талап етеді», — деп атап өтті Лукашевич.