Қазақстанда омбудсмен штатын ұлғайту жоспарлануда

Қазақстанда омбудсмен аппаратының штатын ұлғайту жоспарлануда. Бүгінгі таңда әділеттілікті іздейтін жандар үшін қол ұшын созатын ұйымда небәрі 12 адам жұмыс істейді.

Президент штат санын 104-ке дейін дейін ұлғайтуы мүмкін

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығында: жоғарыда аталған жарлыққа 1-қосымшада: «Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық 12» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық 104», — делінген президент Қасым-Жомарт Тоқарта жарлығының жобасында.

Түсіндірме жазбаға сәйкес, жарлық жобасында омбудсмен аппаратының штат санын 12-ден 104-ке дейін (өңірлік өкілдіктерді қоса алғанда) ұлғайту, сондай-ақ омбудсменнің орталық аппараты қызметкерлерінің лауазымдарын «В» санаты, өңірлік өкілдіктерін – «С» санаты деңгейінде айқындау көзделеді.

Добавить комментарий