Қазақстан Қырғызстанда өндірілген сүттің негізгі сатып алушы болып шықты. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Қырғызстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне жалпы сомасы $9.1 млн құрайтын 9 мың тоннадан астам сүт экспортталды.
Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі хабарлады.
Экспортталатын сүттің 84.8%-ы Қазақстанға жеткізілді. Бұл жалпы сомасы $6,5 млн болатын 7.8 мың тонна.
Ал қалған 1.3 мың тонна сүтті Ресей сатып алды.