Алматы қаласы Ақбұлақ шағын ауданында болған оқиғаның егжей-тегжейі белгілі болды

Бүгін әлеуметтік желілерде Алматы қаласы Ақбұлақ шағын ауданында болған атыс видеосы видеосы жарияланды.

Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сәйкес, атыс болған. Қаза болғандар мен жарақат алғандар туралы хабарланды, оқиға орнынан видеолар таралды.

Сот орындаушылары мен учаскелік инспекторларға оқ атқаны, сондай-ақ қаза болғандардың болуы мүмкін екендігі туралы тексерілмеген ақпарат жарияланды.

Оқиға орнына арнайы жасақ атанды.

Келесі мазмұндағы хабарлама:

«Үйдің иесі сот қызметкерлері мен учаскелік полицияға оқ жаудырып жатыр. Соңғы деректер бойынша 5 адам қайтыс болды, толық мәлімет нақтыланады. 2 учаскелік полицей, 1 сот орындаушы, 2 қала тұрғыны мерт болды, оқиға орнында арнайы жасақ жұмыс істеп жатыр»

Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми түсініктемесі

Алматы қаласы Полиция департаменті Алматы қаласы Ақбұлақ шағын ауданында жергілікті тұрғындардың бірі атыс қаруынан атыс бастағаннан кейін арнайы жасақтардың қатысуымен арнайы операция өткізілгенін айтты.

Бұған дейін Алматыдағы «Ақбұлақ» шағын ауданында ер адам полицейлер мен сот орындаушыларына оқ жаудырғаны хабарланған болатын. Бес адам қаза тапқаны белгілі.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға сағат 17:00-де болған. Құқық қорғау органдардың өкілдері Д. есімді 1967 жылы туған азаматты сот қаулысына сәйкес үйден шығармақ болды

«Ол агрессия көрсетіп, сот орындаушылары, учаскелік полиция инспекторлары, ТЖД қызметкерлеріне атыс қаруынан оқ жаудырды. Салдарынан қызметтік міндеттемелерін орындап жүрген бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері оқ жарақатын алып, қайтыс болды. Біз ұайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтамыз», — деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаменті.

Күдікті бейтараптандырылып, ұсталды.

Добавить комментарий