Ресейдегі Пермь мемлекеттік университетінде атыс бастаған 18 жастағы Тимур Бекмансұров әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің әрекеті теракт емес екенін хабарлады. Ол мұндай қадамға баруына мүлде басқа себеп түрткі болғанын айтты.
Куәгерлер түсірген видеодан белгісіз ер адамның ғимаратта атыс шығарғаннан кейін Пермь мемлекеттік университетінің студенттері терезеден секіріп жатқанын көрсе болады.
Mash Telegram-каналы мен 18 жастағы Тимур Бекмансұровтың VK-дағы парақшасын анықтады, онда ол өзі оқып жүрген оқу орнына жасаған шабуылына қатысты жоспары және мұндай қадамға не үшін барғанын түсіндіріп айтқан жазба жариялады.
«Бастауыш сыныптан бастап маған адамдарға зиян келтіру ұнайтынын түсіндім. Олардың азабы, жүздеріндегі қорқыныш, бұл эмоциялар — мен оларды түсінген едім, өйткені олар шынайы болды. Айналамдағының бәрін жоюға деген ұмтылысымды басуға тура келді, бірақ мен осылай өмір сүре алмайтынымды түсіндім, егер мен қазір жасамасам, болашақта бәрібір біреуді өлтірер едім», — деп жазады Тимур Бекмансұров.
Ол жазбада экстремистік ұйымның мүшесі емес екенін, діни және саяси емес екенін мәлімдеді. Шабуылдың жалғыз себебі ол басқа адамдарға деген жеккөрушілікті айтады.
«Мен алдымнан шыққанның барлығын жойғым келеді, бұл әлемде барынша қайғы-қасіретті қалдырғым келеді, мен өлтіре алмайтындар бұл күнді мәңгі есте сақтайды. Мен ұзақ жылдар бойы айналамдағы барлық адамдарға шыдап келдім. Бәріңізді қалай жек көрсем, мен де өзімді солай жек көремін. Бәрі тез аяқталатыны қандай жақсы. Мен осы 10 минут үшін өзімді тірі сезіне аламын», — деп жазды ол.
Жазба жарияланған кезде алты мыңға жуық репост болған. Қазір Тимур Бекмансұровтың парақшасы бұғатталды.
Қаскөй ұсталды, деп хабарлайды ресейлік БАҚ. Ұстау кезінде 18 жастағы Тимур Бекмансұров қарулы қарсылық көрсетті. Ол ауыр жарақат алып, сол жерде қайтыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша сегіз адам қаза тауып, тағы 19 адам жараланды.