Ұлыбританияда жасөспірімдерді коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жүргізілуде. Ел үкіметі корольдіктің бас дәрігерлерінің 12-15 жастағы сау балаларды Pfizer/BioNTech препаратының бірінші дозасымен коронавирусқа қарсы вакцинациялау туралы ұсынысын қолдады. Бұл туралы Sky News вакцина істері жөніндегі министр Надим Захавиге сілтеме жасап хабарлайды.
Министр билік бұл идеяны «вакциналау бағдарламасының басқа кезеңдеріндегі сияқты шұғыл түрде іске асыра бастайтынын» мәлімдеді.
The Guardian агенттігінің хабарлауынша, қазіргі таңда Англияда COVID-19 қарсы вакцинация мақұлданды, ол келесі аптада басталады. Осыған ұқсас хабарландырулар Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландиядан жарияланады деп күтіледі.
Бұған дейін коронавирустың «дельта» нұсқасы кеңінен таралғаннан бері АҚШ-та COVID-19 жұқтырған балаларды саны күрт артқаны хабарланған болатын, алайда жаңа зерттеуден белгілі болғандай: жаңа штамм неғұрлым қауіпті және аурудың аурудың ауыр түрін тудырады деген қауіп негізсіз.