Иранның атом энергиясы ұйымы Натанзедағы атом нысанында болған жарылыс — жоспарланған дұшпандық әрекеті деген қорытынды берді.
Ұйымның ресми өкілі Бехруз Камальванди, басқа да деректер мен «осының артында кім тұрғаны» кейінірек жарияланады деп мәлімдеді.
Толығырақ: Шілде айының басында Натанзедағы атом нысанында болған жарылыс саботаж әрекеті болды. Бұл туралы жексенбі күні Иранның Атом энергиясы жөніндегі ұйымының ресми өкілі Бехруз Камальванди мәлімдеді.
«Натанзадағы жарылыс саботаж салдарынан болғанын тексеріс растады».
Камальвандидің айтуынша, «өзге де деректер мен осының артында кім тұрғаны кейінірек жарияланады».
Оның айтуынша, қазіргі таңда «байытылған уран мөлшері 3 тоннадан асты». «Біз 130 тонна ауыр суды экспорттайтын боламыз», — деп атап өтті шенеунік. Қаңтар айында ДББҰ басшысының орынбасары Әли Асғар Зареан елімізде байытылған уран қоры 1,2 тоннаға жеткенін мәлімдеді.
Натанзадағы атом нысанындағы оқиға 2 шілдеде болған. Өрт барысында зақымданған ғимарат центрифугаларды өндіруге арналған. Камальванди «бөлмеде өлшеу жабдығы болған, ол жартылай жойылды немесе бүлінді» деп мәлімдеді.
5 шілдеде The New York Times ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, оқиғаның себебі Израиль жарылғыш құрылғыны қолдану арқылы ұйымдастырған диверсия болды деп мәлімдеді. Сонымен қатар, бірқатар БАҚ жарылыстың ҰҰА соққысы немесе зымыран шабуылы салдарынан болуы мүмкін деген нұсқаны жариялады.
7 шілдеде Мәжілістің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі комитеті Натанзедағы атом нысанындағы оқиғаны тексерумен айналысады деп жарияланды.