Нұр-Сұлтанда бір тәулікте екі бала терезеден құлап кетті

Нұр-Сұлтан полиция департаменті былай деп хабарлайды: 5 қыркүйек күні сағат 13:20-де екі жасар бала ас үйде үстел үстінде ойнап отырып, терезе алдына шығып кетті. Анасы сол кезде сол бөлмеде болған. Әйелдің айтуынша, ол баланы ұстап алмақ болған, алайда үлгермей қалды. Ол денесімен терезенің торына сүйенбек болғанда, үшінші қабаттан құлап кетеді. Бала әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді».

Дәл сол күні сағат 15:30-да осындай жағдай орын алды. Көпқабатты үйдің терезесінен төрт жасар бала құлап түсті.

«Кәмелетке толмаған бала анасымен бірге Рысқұлбеков көшесінде тұратын туыстарының үйінде болған. Бала терезесі ашық болған жатын бөлмеде ойнап жүрген. Болжам бойынша, кереует арқылы терезенің алдына шығып, алтыншы қабаттан құлады. Анасы үйдің ішінен ұлын іздеп жүргенде ашық қалған терезені байқап қалады, ұлын жерде жатқанын көреді. Бала жансақтау бөліміне жеткізілді, алайда оны аман алып қалу мүмкін болмады», — деді полициядағылар.

Ресми мәліметтер бойынша, жыл басынан бері Нұр-Сұлтанда көпқабатты үйлердің терезесінен 31 бала құлап, олардың төртеуі қаза тапқан.

Полиция балаларды қараусыз қалдырмауды және балалардың ашық терезе жанында ойнауына жол бермеуді ұсынады.

Добавить комментарий