Қазақстандық спортшылар Паралимпиада ойындарында ел қоржынына бес медаль салды.
Пауэрлифтер Давид Дегтярев «алтын», дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина «күміс», ал жүзуші Нұрдәулет Жұмағали «қола» медаль жеңіп алды, — деп жазады Спорт Шредингера Telegram-каналы.
Айта кетейік, Паралимпиада-2020 ойындары 5 қыркүйекте аяқталады, алайда қазақстандықтар үшін 4 қыркүйек күні жарыс аяқталды.