Соңғы үш онжылдықта еуразиялық кеңістікте Ресей Федерациясы Қазақстан үшін негізгі серіктесі болды. Осы уақыт ішінде қос мемлекет қауіпсіздік пен экономика саласында ортақ ынтымақтастықтың архитектурасын қалыптастырған бірқатар бірлестіктерге бастамашы болды. Алайда Қазақстан тек Ресеймен ғана қарым-қатынасын нығайтуды көздеп отырған жоқ. Одақтастарының мүддесіне қайшы келсе де, батыс елдерімен ынтымақтасуда.
Ресей мен Батыс арасындағы қарым-қатынасқа сызат түсуі Қазақстанның алаңдаушылығын туғызады. Бұл РФ-дан алшақтауының бір себебі.
Сарапшылардың пікірінше, Ресей мен Батыстың шиеленіскен қарым-қатынасы Қазақстанның Батыспен қарым-қатынасына кері әсерін тигізеді. Сыртқы саясатында көпвекторлы бағытты ұстанатын Қазақстан батыс әлемі мен одақтастарының қарым-қатынасына шиеленіскендіктен, өз мүддесінен бас тартуға дайын емес.
Бұл Қазақстанның Батыс елдері салған Беларуське қарсы санкцияға шоғырланған жауап беруден бас тартқанын дәлелдейді.
Арадағы қарым-қатынастың нашарлауына орыс тіліне қысым көрсетілу түрткі болып отырғанын және Қазақстан аумағындағы русофобия фактілері туралы ресейлік БАҚ жарыса жазып жатыр. Алайда Қазақстан билігі мұны жоққа шығаруда, ал кейбір депутаттар бұл ұлттық сана-сезімнің көрінісі екенін ашық айтады.
«Единная Россия» партиясы Бас кеңесі хатшысының орынбасары Александр Хинштейн халықтар мен этностарға қатысты ұлттық негізде қорлайтын пікір білдірген русофобтардың Ресейге кіруіне тыйым салатын заң жобасы әзірленгенін хабарлады.
Хинштейннің айтуынша, аталмыш заң жобасын әзірлеуге посткеңестік кеңістікте, Қазақстан мен Қырғызстанда тіркелген ашық русофобиялық әрекеттер себеп болған.