Маңғыстау облысының батысында орналасқан Түпқараған ауданы Ақшақыр ауылында бес жасар бала ат тұяғынан қайтыс болды. Ауыр жарақат алған бала көз жұмды.
«Түпқараған аудандық полиция бөлімінің «102» кезекші пультіне 2021 жылғы 27 тамызда сағат 20:10-да Ақшұқыр ауылында жылқы бес жасар баланы тепкені туралы қоңырау келіп түсті.
Жылқы тұяғымен баланың басынан тепкен, ол алған жарақат қайтыс болды», — делінген хабарламада.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 001 бабы (адам өлімі) бойынша Түпқараған аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.