Ресейдің сыртқы саясаты және Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасы

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін сыртқы саясатының басым бағыты ретінде АҚШ, Қытай, Ресей сияқты халықаралық аренадағы қуатты елдермен тең алшақтық қағидатын ұстанады. Қазақстан үкіметі әлемдік деңгейдегі көшбасшы елдермен өзара тиімді қарым-қатынасты орнату үшін сыртқы саясатында көпвекторлы бағыт бойынша жүреді, бірақ оларға өз шарттарын қойып, мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігіне қауіп төндіруге немесе ҚР-ға ықпал етуге жол бермейді. Осыған байланысты Қазақстан көптеген халықаралық ұйымдардың, атап айтқанда, БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ҰҚШҰ, ЕАЭО және тағы басқа ұйымдардың белсенді мүшесі.

Бақытымызға орай, Батыс елдері Орталық Азия мемлекеттері ішінде ҚР-ны тең дәрежедегі серіктес ретінде қарастырады және онымен өзара тиімді шарттар бойынша әріптестік орнатуға дайын. Бұл ретте батыс сарапшылары Ресейдің Қазақстанмен ынтымақтастығының астарында ҚР-ның ішкі және сыртқы саясатына араласу екеніне сенімді.

Ресей Еуразиялық экономикалық одақ арқылы бірнеше мәрте көршілес елдерге қысым көрсетпек болды. Бұл одақ бірінші кезекте тауарлардың, қызметтердің, жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз ету және мүше елдер арасында экономика саласында үйлестірілген, келісілген немесе бірыңғай саясат жүргізу үшін құрылды. Бірақ Ресей ЕАЭО-ның тек экономика арқылы ықпал ететінін көңілі толмауда, сондықтан Мәскеу одақ аясында саяси қондырмаларды қалыптастырмақ. Парламенттік ассамблеяны мысалға алсақ болады. Бұл ұйым шеңберінде экономикалық қатынастарды саясиландыруға және сол арқылы Қазақстанның қандай да бір саяси шешімдеріне ықпал етуге мүмкіндік береді.

Тағы бір мысал. Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкин ЕАЭО-да Батыстың Беларуське салған санкцияларына жауап ретінде шоғырландырылған шаралар туралы мәселе қаралып жатқанын мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, Батыс Роман Протасевич мінген ұшақты мәжбүрлеп қондырғаны үшін Беларуське санкция салған болатын. Алайда Қазақстан одақтас елдерді қолдап, серіктестеімен қарым-қатынасына сызат түсіргісі келмеді.

Қазақстан Орталық Азия елдерімен бірге С5+1 форматының қатысушысы болып табылады. Бұл бірлестікке ОА елдері және АҚШ мүше және олар бірнеше бағыттар бойынша өзара іс-қимыл орнатуды қарастырады: сауда, көлік, коммуникация және энергия ресурстары саласындағы өңірлік ынтымақтастық; бизнес-ахуалды жақсарту; қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруіне қарсы күрес және т.б. Ынтымақтастықтың осындай форматы Қазақстанның өңірлік деңгейдегі интеграциясын, сауда мен инвестициялары көтермелейді, ең бастысы Орталық Азия аймағының барлық елдері үшін ортақ күн тәртібін әзірлеуге көмектеседі.

Добавить комментарий