АҚШ әскерлері Ауғанстан аумағынан шығарылғаннан кейін елде қалыптасқан жағдай Ресей Федерациясы үшін тиімді болмақ. Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, билік басына келген тәліптерден орасан зор қауіп төніп тұр. Алайда, БҰҰ өкілдері елде орын алып жатқан оқиғаларға қатысты басқа пікірде. БҰҰ-ның Ауғанстандағы босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының өкілі Кэролайн Ван Бурен БАҚ өкілдеріне елдегі өмір біртіндеп үйреншікті арнаға тоғысып жатыр деп мәлімдеді.
Ресей Федерациясы Өзбекстанмен және Тәжікстанмен олардың аумақтарында бірлескен әскери оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Ресей басшылығы Тәжікстанда орналасқан 201-ші ресейлік әскери базада әскерлерінің санын арттыруға дайын екенін мәлімдеді. Осылайша, Мәскеу ОА елдерінде өзінің әскери күшін нығайтып, неғұрлым тығыз әскери-саяси салада әріптестік орнатуға ниетті екенін білдіреді.
Ресейлік әскери сарапшы Алексей Леонков егер «Талибан» содырлары Орталық Азия елдеріне шабуыл жасаса, онда олар Ресейдің көмегінсіз өздерін қорғай алмайтынын айтты. Сондай-ақ, Леонков Ресей Орталық Азиядағы одақтастарына көмектесуге дайын екенін, бірақ мұндай қадам Ресей аумағында терактіге алып келуі мүмкін екенін атап өтті. Ресейдiң мұндай белсендiлiгi геосаяси нысаналарына қол жеткiзуге де бағытталған.
Тарих ғылымдарының докторы, тарихшы-шығыстанушы Князев Александр тәліптер Орталық Азия елдерімен соғысуға мүдделі емес, керісінше, олар қазір Өзбекстан мен Түркіменстанмен диалог орнатуға ниетті.