Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында әскери бөлімдегі жарылыс кезінде зардап шеккендер туралы хабарлады.
Тараз қаласының № 1 қалалық ауруханасына түрлі жарақатпен 32 адам түсті, деп хабарладйы Жамбыл облысының әкімдігі.
250 тұрғыны бар Қайнар ауылы бір шақырымға жетпейтін қашықтықта орналасқан. Халықты эвакуациялау басталды.
«Ұзындығы 41 метр ені 17 метрлік оқ-дәрі қоймасы өртеніп жатыр. Екі үлкен жарылыстың және облыстық ТЖД-ның бір қызметкерінің (қызметкердің деректері нақтыланады) жарақаттанғаны туралы ақпарат бар. Апат болған жерге баратын барлық жолдар, соның ішінде теміржол уақытша жабылды. Ақпарат алуға, сондай-ақ оқиға болған жерді визуалды тексеруге жарылыстар мен өрт кедергі келтіреді», — делінген Жамбыл облысы әкімдігінің хабарламасында.
Сондай-ақ, жақын маңдағы Базарбай, Үш-Бұлақ, Жаңатұрмыс ауылдарының тұрғындары эвакуациялануда.
«Тараз қаласының №1 қалалық ауруханасына түрлі жарақатпен 32 адам түсті (жеке деректер нақтыланып жатыр)», — деп хабарлады әкімдіктегілер.