Ақпарат құралдарының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп ресейлік және қытайлық әріптестері Владимир Путин мен Си Цзиньпинді «саясаттағы гроссмейстер» деп атаған.
Оның айтуынша, президент сайлауындағы бәсекелесі, демократ Джо Байден жеңіске жеткен жағдайда олармен тең дәрежеде жұмыс істей алмайды, өйткені Джо Байден олар сияқты гроссмейстер емес деп есептейді.
18 тамызда Трамп Владимир Путин мен Си Цзиньпинді «әлемдік дәрежедегі шахматшылар» деп атады. Сол кезде ол сол қатарға Солтүстік Кореяның жетекшісі Ким Чен Ын мен Түркия президенті Режеп Ердоғанды қойды.
Бұған дейін АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісі Джон Болтон Трамптың Путинге деген сенімі туралы айтқан болатын.
Оның айтуынша, президенттердің Хельсинкидегі кездесуінде ол және басқа да әкімшілік қызметкерлері лидердің Путинмен қалай сөйлескеніне таң қалған: олар Вашингтондағы баспасөздің бұған неге наразы екенін түсіндіруге тырысқан, бірақ президент мұны түсінуден бас тартқандай сыңай танытты.
«Президент адамдарға Путиннің айтқанын барлау қоғамдастығының айтқанымен теңестіргені ұнамауы мүмкін екенін түсінбеген сияқты», — деді Болтон.