АҚШ: Pfizer және BioNTech компаниялары әзірлеген вакцина мақұлданды

АҚШ-та Pfizer және BioNTech компаниялары әзірлеген вакцина толық мақұлданды. Бұл Pfizer компаниясының акциясы 2,5%-ға қымбаттауына себеп болды.

АҚШ-тың тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектерінің сапасын санитариялық қадағалау басқармасы (FDA) 16 жастан асқан адамдарға арналған Pfizer және BioNTech вакцинасын салуға толық рұқсат берді.

The Wall Street Journal хабарлағандай, бұл АҚШ-та COVID-19 қарсы екпе салуға толық мақұлданған алғашқы вакцина.

Бұған дейін 2020 жылы Pfizer және BioNTech препаратын шұғыл жағдайда қолдануға рұқсат бергендіктен, міндетті вакцина салдыруға қарсы болғандар екпе салдырмады. Енді The Wall Street Journal атап өткендей, көптеген коммерциялық мекемелер мен саяси институттар жұмысшыларына вакцина салдыруды талап етеді.

Газеттің мәліметінше, FDA-да вакцина салуға толық рұқсат беру үшін кемінде төрт ай уақыт кеткен: әдетте мұндай процесс шамамен 10 айға дейін созылады.

Шұғыл жағдайда вакцина салдыруға рұқсат беруге сұрау салғанда Pfizer 37 мың еріктіге жүргізген сынақ нәтижесін ұсынды. Pfizer компаниясының ақпаратынша, толық рұқсат алу үшін 46 мыңнан астам еріктіге ұзақ уақыт жүргізілген зерттеулердің деректері ұсынылды: нәтижелер екінші доза алғаннан кейін алты айға дейінгі кезеңде клиникалық белгілері бар COVID-19 болдырмайтын препараттың тиімділігі 91,1%-ды көрсетті. Сондай-ақ, зерттеушілер COVID-19-ды ауыр ағымына қарсы тиімді екенін атап өтті.

The Wall Street Journal АҚШ-та «дельта» штаммы өршіп, коронавирус жұқтырғандардың саны өскеніне байланысты Pfizer-BioNTech вакцинасын салу толық мақұлданғанын еске салады, ал билік басындағылар вакцинаың үшінші дозасын салу нұсқасын зерттеп жатыр.

Тамыз айында FDA иммунитеті әлсіреген адамдарға коронавирусқа қарсы вакцинаның қосымша дозасын салдыруға рұқсат берді. АҚШ-та Pfizer немесе Moderna компаниясы әзірлеген вакцинаның үшінші дозасын ағзасы ауыстырылған, қатерлі ісіктің кей түрлері мен басқа да ауруға шалдыққан тұрғындар ала алады. Бұл ретте Pfizer компаниясы FDA-ға үшінші доза препараттың екі дозасынан кейін вирустың қалыпты түріне қарсы, сондай-ақ «дельта» және «бета» штаммдарына қарсы қорғау деңгейін арттыра түсетіні туралы деректерді жолдаған.

Өткен аптада АҚШ әкімшілігі америкалықтар 20 қыркүйектен бастап қосымша доза салдыра алады деп жариялаған. Үшінші доза сегіз ай бұрын коронавирусқа қарсы Pfizer немесе Moderna вакцинасын салдырғандарға қолжетімді болады.

Добавить комментарий