Бүгінде Ресей үкіметі елге ірі держава мәртебесін қайтаруға барын салып жатқанын байқап отырмыз. «РФ-да азаматтардың құқықтары мен бостандығына нұқсан келтіруге бағытталған заңдар қабылдануда, сөз бостандығы шектеліп жатыр, ал оппозиция атымен жоқ, қазіргі билік оны басып-жаншып тастады. Ресей халықаралық аренада батыс мемлекеттерімен қақтығысып, агрессивті әрекет етеді. Сондай-ақ, ресейліктерге үгіт-насихат арқылы Кремльді дұшпандары қоршауға алғанын айтып, үкіметтің халықаралық аренада қабылдап жатқан шешімдері мен қадамдары тек мемлекетті қорғауға бағытталған деген шындыққа сай келмейтін ақпарат таратып жатыр. Ресей үкіметінің мұндай әрекеттеріне байланысты әлемдік қауымдастық «шындықпен, ғаламмен байланысын жоғалтқан» ел деп қарайды, — деп жазады батыс саясаттанушылары.
Қазақстан тарихи және географиялық орналасқан жеріне жақын Ресейге жақын ел, сондықтан қалыптасқан геосаяси жағдайға байланысты Орталық Азиядаға ғана емес, Қазақстанда да ықпалын сақтап қалу маңызды
Қазақстан барлық ірі әлемдік ойыншылардан өзін алыс ұстайды, алайда соңғы уақытта Батыс елдерімен ынтымақтастық орнатуға баса мән беріп келеді, Украинаның артынан ілесіп, көршілес елден алшақтамақ.
Қазақстан тәуелсіздік жылдарында халықаралық аренада перспективасын қалыптастырып, біртіндеп ресейлік көзқарастардан түбегейлі қарсы келетін принцип бойынша өз ойы мен құндылықтарын қалыптастырды. Сондықтан да ҚР БҰҰ-да Сирия бойынша қарар жобасына дауыс беру процесінде қалыс қалып, Ресейді қолдамады. Сондай-ақ, Қазақстан ЕАЭО-ның Батыс санкцияларына қарымта жауап беруге шақырған Ресейге бас тартты.