Лукашенко Батыс демократиясының туралы сөз қозғады

Беларусь президенті Александр Лукашенко Ауғанстанда болып жатқан жағдайларға қатысты пікір білдіріп, олар батыс демократиясын ашып көрсетті деп мәлімдеді. Ол белорустарды бұдан сабақ алуға шақырды.

«Олардың беті ашылды. Егер олар былтыр (9 тамыздағы президент сайлауынан кейін — ред.) осы блицкригті жүзеге асырған болса, бізде осындай күй кешер едік. Содан кейін халық бірнеше жылдан кейін өздері-ақ қуып жіберетін еді, ал кейбіреулер елден кету ұшақ шассиіне жармасатын болады. Сондықтан еліміздің тұрғындары мен халық бұдан сабақ алуы керек», — деп мәлімдеді беларусь көшбасшысы күш құрылымдарының өкілдеріне мемлекеттік наградаларды табыстау барысында.

Лукашенко Белоруссиядағы жағдайды неілктен ушықтырмақ болған түсінікті екенін атап өтті. «Материалдық қызығушылық — халықтық, мемлекеттік меншікті бөліп алып, жан-жаққа сату. Және олар Белорус халқының өмір сүру деңгейі айтарлықтай төмендегенін пысқырмайды», — деді ол.

Оның айтуынша, «жергілікті басшылар Беларусь — бүкіл посткеңестік кеңістіктке жол ашатынын жақсы түсінеді». «Орталық Азия елдері — Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстан сияқты қазір Ауғанстандағы оқиғаларға байланысты посткеңестік кеңістік үшін өте маңызды болып отыр», — деп атап өтті Лукашенко.

Беларусияда былтыр 9 тамызда президенттік сайлау өтті, онда ОСК мәліметтеріне сәйкес Лукашенко жеңіске жетті, екінші орынды оппозиция өкілі Светлана Тихановская иеленіп, дауыс беру нәтижесін мойындамай, елден кетіп қалды. Бұдан кейін елде бірнеше ай бойы ресми қорытындылармен келіспеген жаппай наразылық акциясына шықты. Республика билігі бірнеше рет наразылық білдірушілерге шетелден қолдау көрсетіп жатыр деп мәлімдеді.

Добавить комментарий