Өткен тәулікте COVID-19-дан 118 адам қайтыс болды

Қазақстанда ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар пневмониядан қайтыс болған науқастар саны артып барады.

Денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, 20 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустан 118 адам және ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар пневмониядан 45 адам қайтыс болды.

122 620 адам КВИ-ден емделуде (117 108 КВИ+ және 5512 КВИ-), оның ішінде 30 128 пациент стационарда, 94 492 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 918 адамның жағдайы ауыр, 551 пациенттің жағдайы өте ауыр, 248 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Өңірлерде тіркелген қайғылы жағдай саны (18 тамыз күнгі деректер)

Добавить комментарий