Алматыда созылмалы аурусмен ауыратын оқушылар онлайн оқытуға ауыстырылуы мүмкін.
Басқа жағдайларда шешім жеке қабылданады, деп хабарлады қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.
Баланы онлайн-оқытуға көшіру үшін ата-аналар шыныменде ауыратынын растайтын медициналық құжаттар беру қажет, деп хабарлады қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.
«Қазір бірқатар кездесулер өткіздік. Ата-аналардан өтініштер келіп түсіп жатыр, кейбір балалардың созылмалы аурумен ауырады. Ата-аналар баланың әлсірегенін, оның тыныс алу органдарының аурулары бойынша есепте тұрғанын түсіндіреді. Мұндай жағдайда, егер бұл медициналық құжатпен расталса, бала онлайн оқытуға көшеді. Біз шара қолдануымыз керек», — деді ол.
Жандарбек Бекшин ата-аналармен кездесулерде созылмалы аурумен ауыратын оқушылар туралы ғана сөз болғанын айтты.
«Дені сау балалар туралы әңгіме бомады, тек иммунитеті төмен, әлсіреген созылмалы аурумен ауыратын балалар жайлыболды. Бұл мәселені жеке-жеке қарастырамыз», — деді ол.
Оқушылардың ата-аналарының өтініштері бойынша онлайн-форматта оқыту мүмкіндігі Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысында қарастырылған.