Кәсіпкерлерді алаяқықтың жаңа түрі жайлы ескертті

Қостанай облысында кәсіпкерлер алаяқтықтың жаңа түріне шағымданып жатыр.

Олар ақша бопсалап жүрген жалған мониторинг топтары туралы айтты.

«Атамекен» ҰКП нысанға нағыз тексерушілердің келгенін қалай білуге болатынын еске салды.

Қостанай облысында жалған мониторинг топтары пайда болды, деп хабарлайды «Атамекен» өңірлік Ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалының сайты.

Алаяқтар нысандарды аралап шектеу шараларының сақталуын тексеріп, кәсіпкерлерді бопсалап, анықтаған бұзушылықтарға көзін жұмғаны үшін ақша талап етіп отырған. Бұл туралы кәсіпкерлер әлеуметтік желіге жазған.

«Барлық рейдтер міндетті түрде infokazakhstan.kz сайтына тіркеліп, мониторинг тобының құрамы мен тексеріс жоспарланған нысан туралы жазылады. Тексерудің заңдылығын кәсіпкер өз бетінше тексере алады. Ол үшін актіде көрсетілген QR-кодты сканерлеу қажет», — деді Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Роберт Юсупов.

Бұл талаптар мониторинг топтарының алгоритмінде 1 шілдеден бастап пайда болды. Енді әр топтың қызметін жоспарланған тексерулер мен олардың нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын Infokazakhstan.kz платформасының көмегімен бақылауға болады. Олардың негізінде күн сайын анықталған бұзушылықтардың статистикасы мен түрлері бар өңірлер бойынша жиынтық кестелер құрылып отырады.

Добавить комментарий