Талибан қозғалысының көшбасшылары Ауғанстан Ислам Республикасының атауын өзгертуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді
Ауғанстан Ислам Республикасының билігі Талибандардың қолына өтті. Қозғалыстың жетекшілері 20 жылдық соғыстың аяқталғанын және елдің атауын өзгертуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Бұл туралы тәліптердің өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды ABC News.
«Талибан» (РФ-да тыйым салынған) бүлікшілері жақын арада Ауғанстан Ислам әмірлігін құрылғанын жарияламақшы», — деп хабарлайды Associated Press Талибан өкіліне сілтеме жасап.
1996-2001 жылдар аралығында Талибан билікте болғанда Ауғанстан мемлекеті осылай аталған. Кейіннен АҚШ күштері терроризмге қарсы күрес науқаны аясында Ауғанстанға келіп, талибандарды биліктен қуды.
Бұған дейін республика президенті Ашраф Ғани отставкаға кетуге келісіп, елден кеткені белгілі болды. Мемлекет басшысы әкімшілік басшысымен және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісімен бірге Тәжікстанға кетті деп болжанған. Басқа ақпарат көздері Өзбекстан мен Оманға кетті деп отыр.
Осыдан кейін тәліптер Кабулға кіріп, президент сарайын басып алды, енді олар мемлекеттің бұрынғы атауын қайтаратынын жарияламақшы.