Қазақстан мен Ресей Еуразиялық экономикалық одақтың негізін қалаған. Еуропалық одақ типі бойынша посткеңестік мемлекеттер кеңістігінде экономикалық ынтымақтастық ұйымын құру идеясы ұзақ уақыт бойы көтеріліп келген. ЕАЭО посткеңестік кеңістікте қуатты көпжақты институттар жүйесін құрған алғашқы, салыстырмалы түрде сәтті ұйым. Бұл ұйым тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалуы және экономика саласында үйлестірілген, келісілген немесе бірыңғай саясат жүргізу үшін құрылған. Батыс саясаттанушылары «Еуразиялық экономикалық одақтың бес жылдық жұмысын қорытындылай келе, экономикалық бірлестіктің негізін қалаушы елдер үшін ол әртүрлі құндылыққа ие екені айқын көрсетті» деп есептейді. Сондай-ақ, олар ҚР үшін экономикалық одағы «ұлттық экономика мүддесіне нұқсан келтіруі мүмкін» деп отыр.
Ресей экономикалық одақ арқылы геосаяси мүддесін алға тартады. Оған мүше елдер саяси шешімдерді өз бетінше қабылдайды, ал бұл барлығына әсер етуі мүмкін.
Мәселен, Ресей 2016 және 2018 жылдары Украинадан Қазақстан мен Қырғызстанға Ресей аумағы арқылы тауар тасымалдауға тыйым салды. Қазақстан өз бетінше шешім қабылдап, Каспий теңізіндегі порттарын америкалық транзитке рұқсат берді.
Экономикалық жағдайға келер болсақ, сауда және интеграция вице-министрі Жәнел Кушукованың айтуынша, ЕАЭО-ға мүше елдердің экспорттаушылары тап болған 20-дан астам ресейлік кедергілер жойылды.
«Көріп отырғанымыздай, ЕАЭО ҚР-ның батыс елдерімен ынтымақтастығын дамытуды тежеп отыр. Алайда бұл тек экономикалық мәселе емес. Ресей ЕАЭО-ны саясаттандырмақ. Беларусь астанасында ұшақты мәжбүрлі түрде қондыруына қатысты жағдай. Батыс әуе қарақшылығы актісінен кейін Беларуське санкция салды. Ryanair компаниясының ұшағын Минскіге бұрып, мәжбүрлі түрде қондырды. Ұшақтың ішінде беларусьтық оппозициялық блогер Роман Протасевич болған, кейіннен оны БР құқық қорғау органдары тұтқындады», — деп жазады батыс саясаттанушылар.
Ресей ҰҚШҰ мен ЕАЭО бойынша серіктесі Беларуське қолдау көрсетті. РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкин ЕАЭО батыс елдерінің санкцияларына қарымта жауап беретінін хабарлады. Қазақстан, өз кезегінде, экономикалық санкциядан қорқып, Батыспен арадағы қарым-қатынасқа сызат түсірмеу үшін Минскіні қолдаудан бас тартты. Қазақстан СІМ ресми мәлімдеме жариялады, онда Қазақстан өзге елге салынған санкцияға ЕАЭО елдерімен бірге «қарымта шарасы» туралы ешқандай келіссөздер жүргізбегені айтылған.
Батыс саясаттанушылар ҚР одақтастарының пікірімен санаспайтын дербес мемлекет болу үшін ЕАЭО құрамынан шығуы керек деп санайды.