Тәліптер 12 жасар қыздарды сексуалды құлдыққа алып жатыр

Ауғанстанда «Талибан» қозғалысының содырлары 12 жастағы қыздарға үйленіп, сексуалды құлдыққа алып жатыр.

Daily Mail басылымының мәліметінше, содырлардың командирлері басып алған аймақтардың ақсақалдардан өз жауынгерлеріне жар қылып алып беру үшін, тұрмысқа шықпаған 12-ден 45 жасқа дейінгі әйелдердің тізімін талап етеді.

«Тәліптер оларды әскери олжа деп есептейді», — дейді журналистер.

«Талибан» жауынгерлері жар қылып алу үшін таңдаған қыздардың жасын анықтау үшін киім-кешегін ақтарып көреді, деп жазады Daily Mail.

Кейбір қыз-келіншектер өз өмірі үшін алаңдап, туған жерінен бой тасалап қашып кетуге мәжбүр. Ауғанстанның солтүстігіндегі журналист басылымға паранджа киіп, қаладан жасырын түрде қашып кеткенән айтты, себебі басын кесіп тастауы мүмкін деп қорыққан. Тәліптер ауған үкіметімен байланысы бар жергілікті тұрғындарды аңдып, оларды жазалайтынын өткен аптада содырлардың қолына өткен Құндыз қаласының тұрғындары айтты.

«Талибан» Ауғанстан аумағының басым бөлігін басып алды. Associated Press басылымы жергілікті заң шығарушы Хумайун Шахидзадаға сілтеме жасай отырып, ел аумағының үштен екісі содырлардың бақылауында екенін айтты. Соңғы екі күннің ішінде тәліптер Ауғанстанда 34 провинцияның тоғыз астанасын басып алды.

2021 жылғы көктемде АҚШ әскерін ел аумағынан шығарылатыны жарияланғаннан кейін Ауғанстан үкіметі мен «Талибан» арасында билік үшін талас ушығып кетті. Америкалық барлау қызметінің болжамынша, АҚШ әскерлерін шығару операциясы аяқталғаннан кейін үкіметтік армия содырлардың шабуылына шамамен жарты жыл шыдайды.

  • Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий