Қазақстан Sinopharm компаниясы әзірлеген Vero Cell вакцинасының 4 миллион дозасын сатып алды, олар Бейжіңнен жеткізілді
Бейжіңнен Қазақстанға Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасының алғашқы партиясы келді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Бірыңғай дистрибьютор Бейжің биологиялық өнімдер институты әзірлеген COVID-19-ға қарсы Sinopharm вакцинасының 4 млн дозасын сатып алады. Sinopharm Қытай вакцинасының бірінші партиясы 1 млн. дозадан тұрады. Sinopharm вакцинасы жақын күндері Қазақстан Республикасының азаматтарына коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау үшін қол жетімді болатын ҚР-да бесінші тіркелген вакцина болады.
Вакцинаны стикерлеу рәсімі аяқталғаннан кейін ҚР ДСМ КСК рұқсат қағазына сәйкес жедел тәртіпте еліміздің өңірлеріне жіберіледі.
«Эйр Астана» әуе компаниясының хабарлауынша, бір миллион дозаны жеткізу екі рейспен жүзеге асырылады. Алғашқы рейс Алматыға бүгін сағат 12:30-да Boeing 767 жартылай жүк ұшағының бортында келді. Екінші рейс ертең, 11 тамызда сағат 13.20-де келеді деп жоспарланған.
Жалпы салмағы 20 тонна медициналық жүк екі градустан сегіз градусқа дейінгі температура режимді сақтай отырып, термо-контейнерлерде тасымалданады. Логистика шартына сай сағат 72 сағатқа дейін сақтауға мүмкін болады.
Sinopharm компаниясының вакцинасы Қазақстанға жеткізілді/Фото Денсаулық сақтау министрлігінің сайтынан алынды
Sinopharm вакцинасының ерекшелігі — оны жеткізу процесі мұздатқышты қажет етпейді, +2 +8 градус температурада сақталады және тасымалданады.
Синофармның Қытай вакцинасы ДДҰ-мен 2021 жылдың 7 мамырында қолдануға мақұлдады. Вакцина белсенді емес, екі дозалы. Сақтау мерзімі — 24 ай. Шілдеде Қытайдың Sinopharm компаниясының COVID-19 вакцинасы COVAX вакциналар банкіне кірді.
Бұл ДДҰ-мен қауіпсіз және тиімді деп жіктелген алғашқы қытай препараты, 45 елде ересектерге вакцинациялауға рұқсат етілген. Бүгінгі таңда Қытайдан басқа, вакцина БАӘ мен Сербияда өндіруге мақұлданды. Сонымен бірге, қытай мен БАӘ Қытайдың Sinopharm фармакологиялық компаниясының белсенді емес вакцинасын 3 пен 17 жас аралығындағы балаларға шұғыл қолдануды мақұлдады.
Сәуір айының соңында Қазақстан БАӘ-де hayat-Vax сауда атауымен шығарылған Sinopharm компаниясының Пекин биологиялық өнімі институты препаратының миллион дозасын сатып алды.
ДДСҰ мәліметінше, SARS-CoV-2 вакцинасы (Vero Cell) — 2019 жылы анықталған коронавирустан туындаған ауруға қарсы инактивтелген вакцина.
«18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдерге жоспарлы түрде вакцина салдыру ұсынылмайды, дей тұрғанмен қазір осы аурудың алдын алуға қатысты бұл нұсқа да зерттеліп жатыр», — делінген ДДСҰ сайтында.
Зерттеулерге сәйкес, Vero Cell вакцинасын алғаннан кейін мынадай реакциялар пайда болуы мүмкін: инъекция салған жерде ауырсыну, бас ауруы, дене қызуы көтеріледі, әлсіздік, бұлшық ет ауырады.