Қазақстанда еңбекке қабілетті халық саны азайып барады

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» Қазақстанда 2030 жылға қарай елде жұмыс күшінің саны қысқаратынын мәлімдеді.

2030 жылға қарай жұмыс күшінің халыққа пайыздық қатынасы 46,7%-ға дейін төмендейді. Бұл экономикалық белсенді халыққа жүктеме өсетінін білдіреді, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Қазақстан бойынша 2050 жылға дейін ұзақмерзімді демографиялық болжам дайындады. Статистикалық деректер мен модельдеу негізінде сарапшылар 2030 жылға қарай жұмыс күшінің саны 9,7 млн адамға жетіп, 2040 жылы бұл көрсеткіш 10,7 миллионды құрайды, ал 2050 жылға қарай 11,4 миллионға дейін өседі деп есептейді.

Болжау департаментінің директоры Дмитрий Шумековтың айтуынша, 2030 жылға қарай туудың жоғары деңгейі мен халықтың қартаюына байланысты жұмыс күшінің халыққа пайыздық қатынасы 46,7%-ға дейін төмендейді.

ЕРДО сарапшылары, Нұр-Сұлтанда тұрғындар саны 2,7 есе (1,9 млн), Алматы — 1,8 есе (1,6 млн) және Шымкент — 2,4 есе (1,5 млн) өседі деп күтілуде. Бұдан басқа, Маңғыстау облысының халқы екі есеге (1,4 млн адамға дейін), Түркістан облысында 500 мыңға (2,5 миллионға дейін), ал Алматы облысында 700 мыңға (2,8 миллионға дейін) көбеюі ықтимал. Оның ішінде:

Шығыс Қазақстан облысы;

Қарағанды облысы;

Қостанай облысы;

Солтүстік Қазақстан облысы;

Павлодар облысы;

Ақмола облысы.

Егер осы өңірлерде туу көрстекіші айтарлықтай өсіп, тұрғындардың қоныс аударуы төмендесе, онда осы аймақтардағы халық саны тұрақтануы мүмкін.

2021 жылғы демографиялық көрсеткіштердің нақты өзгерістері негізінде осы болжамға түзету жасау жоспарлануда.

«Болжам төрт құрамдас бөліктің негізінде құрылады: халықтың бастапқы нақты саны, туу, өлім-жітім және халықтың көші-қон қозғалысы. Бұл 2022 жылдың өзінде жаңа статистикалық деректер бүгінгі таңда өзекті болып отырған бағалаулардан айтарлықтай ерекшеленетін жағдай болуы мүмкін дегенді білдіреді. Тиісінше бұл демографиялық болжамды жаңарту қажеттілігіне әкелуі мүмкін», — деді Дмитрий Шумеков.

Қазақстанда жұмыс күшінің саны 2020 жылдың екінші тоқсанында 9,16 млн адамды, ал халықтың жалпы саны 18,7 млн адамды құрады.

Добавить комментарий