Жалған ПТР анықтамасы: Алматының 8 тұрғыны ұсталды

Алматыда жалған ПТР-анықтамасы бар адамдар саяхаттай алмай қалды.

Алматы қаласының сегіз тұрғыны әуежайда ұсталды, деп хабарлайды көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Алматы қаласының халықаралық әуежайында көлік полицейлері нысан қызметкерлерімен бірлесіп, ПЦР-тесттің теріс нәтижесі бар жалған анықтамасын ұсынған Алматының сегіз тұрғынын анықтап, ұстады», — деді көліктегі ПД бастығының орынбасары Сарыкүл Жоланов.

Оның айтуынша, ұсталғандардың барлығы Алматы қаласындағы жекеменшік фирмалардың бірінің қызметкерлері, жұмыс орны оларға Дубайға жолдама берген. Жауап алу барысында құқық бұзушылар ПТР-ды интернеттен сатып алғанын түсіндірді.

«Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 385-бабының 3-бөлігі (көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — деп түйіндеді Жоланов.

Сондай-ақ, бұл Алматы әуежайында тіркелген 11-ші дерек екенін айтты.

Добавить комментарий