Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Нұрислам Санаев жартылай финалда үндістандық спортшыдан ұтылды.
Токиода өтіп жатқан олимпиадалық жарыста еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалдық белдесулер өтті. Қазақстандық балуан үндістандық қарсыласына жол берді.
Осы салмақта Нұрислам Санаев Қазақстан атынан шықты. Ол үндістандық Кумар Равимен белдесті
Бірінші кезең қарсыласының пайдасына аяқталды — 2:1. Алайда, Санаев қарсыласын бірнеше рет айналдырып, сегіз ұпай алды.
Рави күш-жігерін салып алға шықты. Белдесудің соңында Кумар әдіске көшіп жеңіске жетті. Осылайша үнді спортшысы финалға шықты. Ал Нұрислам Санаев «қолаға» таласатын болады.