Вирусолог Уханда COVID-19 індеті өршуіне қатысты пікір білдірді

Ресейлік профессор вирусолог ретінде Ухандағы жағдайға түсініктеме беріп, провинция билігі қабылдаған шаралардың тиімділігін бағалады.

Қытай билігі індет қайтадан өршігеннен кейін Ухань қаласының барлық тұрғыны коронавирустық инфекцияға тест тапсыруды бастауға шешім қабылдады. Бұл шығынды, бірақ тиімді шара болып табылады, өйткені бұл адам өлімі мен экономикалық дағдарысқа алып келуі мүмкін. Бұл туралы вирусолог және ММУ профессоры Алексей Аграновский мәлімдеді.

Уханда жаппай тестілеу шаралары дер кезінде басталды және бұл тиімді шара. Бұған шығын көп кетеді, бірақ жаңа індеттен болатын экономикалық дағдарыс пен адам өлімі бұдан да көп болуы мүмкін. Оның үстіне, жаппай секвенирлеу арқылы SARS CoV-2 геномының нуклеотидтерінің бірізділігін анықтау — елдегі штаммдарды анықтау үшін орынды шара, — деп мәлімдеді сарапшы.

Оның пікірінше, инфекцияның қайтадан өршуі елде вирустың жаңа штамы пайда болуына байланысты туындаған болуы мүмкін. Вирусолог індеттің жаңа ошақтары тек Уханда ғана емес, Нанкинде, сондай-ақ елдің басқа да өңірлерінде тіркелгенін айтты.

Аграновский індеттің өршуі бүкіл ел аумағына таралуы мүмкін екенін жоққа шығармады, бірақ Қытай билігі оны ауыздықтай алады дегенге сенім білдірді.

Індет одан әрі таралуы мүмкін, бірақ халықтың ереже сақтайтынын және билік қабылдайтын қатаң карантиндік шараларды назарға алу керек. Егер шектеу шаралары қабылданса, 2019 жылғыдай індетті ауыздықтау мүмкін болады, — деп мәлімдеді Аграновский.

Добавить комментарий