Қазақстан азық-түлік дағдарысын еңсеру мен елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ЕАДБ-дан қаржылай көмек алды.
ЕАДБ осы мақсатқа 19,2 млрд теңге бөлді. Банк Қазақстан үшін несие желісін ашып, 10,4 млрд теңге көоемінде бірінші транш берді.
Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) «Азық-түлік корпорациясы» ҰК «АҚ ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуды қаржыландыру үшін 3,3 млрд рубль (19,2 млрд теңге) сомасына несие желісін ұсынды, деп хабарлайды ЕАДБ баспасөз қызметі.
1,8 млрд рубль (10,4 млрд теңге) көлемінде бірінші транш берілді.
«Біз үшін елдеріміздің экономикасы қарқынды дамуына, оның ішінде біз үшін агроөнеркәсіптік кешен сияқты басым салаға жан-жақты көмек көрсету маңызды. Берілген ресурстар «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ үш жыл ішінде көктемгі егіс егу және егін жинау жұмыстарын жүргізу барысында қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдауға, сондай-ақ астық нарығын реттеу үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін күзгі уақытта сатып алуға мүмкіндік береді», — деп хабарлады ЕАДБ басқарма төрағасының орынбасары Амангелді Исенов.
ЕАДБ бөлген қаржы есебінен сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімдерін банкке қатысушы басқа елдерге жеткізілуі мүмкін. Мысалы, «Азық-түлік корпорациясы» АҚ Тәжікстанға 2018 жылы 10 мың тонна, ал 2019 жылы бес мың тонна астық экспорттады.
«Азық-түлік корпорациясы» ҰК «АҚ Қазақстанның астық нарығындағы мемлекеттік оператор болып табылады, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысады және республиканың астық саласын дамытуға жәрдемдеседі.