Алматыда автобуста бетперде тақпағаны үшін айыппұл салынып жатыр: рейд жүргізілуде

Алматыда қоғамдық көліктерде бетперде режимінің сақталуын тексеру жалғасуда. Жеке қорғану құралын тақпағаны үшін 23 адамға айыппұл салынды.

Мониторингтік топтар автобустар, троллейбустар және аялдамаларда бетперде режимінің сақталуын бақылады.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Демалыс күндері мониторинг топтың мүшелері ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы — «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» бойынша бетперде тақпағаны үшін 23 адамға айыппұл салды.

«Қоғамдық көлік жүргізушілері жұмыс уақытында қатаң түрде бетперде тағуға және жолаушыларға бетперде режимі туралы еске салуға міндетті. Дегенмен, қалалық автобустар мен троллейбустардағы барлық жолаушылар маска киюді ереже ретінде ұстанбайды», — делінген хабарламада.

Мониторинг топтары тәртіп бұзушылықтар анықталған автобус бағыттарын атады. Олардың ішінде: № 1, 98, 32, 123, 79, 11, 9, 45, 22, 135, 105, 201, 7, 126, 60, 114, 25, 5, 5б, 29, 65, 37, 205, 224, 20, 148, 38, 62, 210, 45 және 18.

Қоғамдық көлік КВИ жұқтыру қаупі жоғары орындарының бірі болып табылады — 16% жағдайда ауруды автобустар мен троллейбустарда жұқтырады .

Добавить комментарий