Алматы облысы: жаңа шектеу шаралары енгізілді

Алматы облысында жаңа карантиндік шектеу шаралары енгізіледі. Бұл туралы Алматы облысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің (СЭБД) баспасөз қызметі хабарлады.

«Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері карантинді күшейту туралы жаңа қаулыға қол қойды», — делінген жұма күнгі хабарламада.

26 шілдеден бастап Ashyq жобасына қатысқанына қарамастан, сенбі және жексенбі күндері:

қоғамдық көлік;

СОО, сауда үйлері, сауда желілері;

спорт объектілері (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары);

қоғамдық тамақтану объектілері, фудкорттар (тамақ жеткізуге рұқсат етіледі);

фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, йога-орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, сауналар, моншалар, СПА-орталықтар, бассейндер;

кинотеатрлар, театрлар, концерт залдары, филармония, цирктер;

  • алаңы 1000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес тауарларды өткізу жөніндегі объектілердің, ашық және жабық базарлардың;

компьютерлік клубтар, боулингтер, бильярд, караоке, түнгі клубтар;

білім беру орталықтары, балалар мен ересектерге арналған үйірмелер, балалар даму орталықтары, балалар ойын-сауық орталықтары;

банктер, ХҚКО, Қазпошта бөлімшелерінің;

дiни объектiлер.

Жұмыс күндері қойылатын шектеулер:

  • Ashyq жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілерін, фудкорттар сағат 20:00-гe дейін, Ashyq жобасына қатыспайтындар 17.00 дейін;
  • Ashyq жобасына қатысатын фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, йога- орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, сауналар, СПА — орталықтар, спорт объектілері, бассейндер сағат 20:00-гe дейін, Ashyq-қа қатыспайтындар сағат 17:00-гe дейін шектеу қойылады.

Ashyq жобасына қатысуына қарамастан ашық және жабық жағажайлар, аквапарктер мен аттракциондардың қызметі тоқтатылады.

Добавить комментарий