Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой оқушыларды онлайн оқытуға қандай жағдай кедергі болатынын айтты. Журналистің сұрағына жауап бере отырып, бүгінде білім беру мекемелерінің жұмысын 1 қыркүйектен бастап дәстүрлі оқыту форматында бастауды жоспарлап отырғанын айтты.
«Әрине, егер күрделі локдаун жағдайы немесе ТЖ болса, барлық инфрақұрылым тоқтатылуы мүмкін. Бірақ олай болмайды деп үміттенеміз. Қазір біз мұғалімдерге вакцина егіп жатырмыз — 82 пайызы екпе салдырды. Мектептер дайындалып жатыр. Сонымен қатар, халықты вакцинациялау жұмыстары жүргізілуде. Бұл да вирустың таралуына әсер ететін қосымша құрал. Біз жүйелі түрде (мектептерді) және сол аралықта коронавирус өршуі бәсеңдеп, вакцина салдырғандар саны артады деп үміттенеміз», — дейді министр.
Сондай-ақ, шенеунік оқыту форматын белгілеуге індетке шалдыққандардың саны әсер етема, жоқ па екенін айтты.
«Біз науқастардың санына емес, денсаулық сақтау жүйесіне түскен жүктемеге қараймыз. Егер төсек-орындардың 70 пайыздан астамы толса, біз маңызды механизмдерді (шектеулерді) іске қосамыз. Бүгінде барлық сценарийлер бойынша бізде мұндай шамадан тыс жүктеме бола қойматыны байқалады, сондықтан біз ашылуға дайындалып жатырмыз», — деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Ал егер ата-аналары вакцина салдырмаса, балаларды мектепке қабылдамайды деген ақпаратты министр жоққа шығарды. Ол мұндай талаптардың қарастырылмағанын хабарлады.