Шектеу шараларын бұзғағн қызыл мәртебесі бар адамдары «көпшілік алдында шығару» жоспарлануда

Премьер-министрдің орынбасары карантин талаптарын бұзған коронавирус бойынша қызыл мәртебесі бар адамдардың жеке деректері БАҚ-та жарияланатынын айтты. Құпиялылық құқығы, оның ішінде медициналық диагнозды жария етпеу мәселесі қайда қалды. Ашық сияқты электронды қосымшалар бізді түстерге ғана бөліп қана қоймай, электрондық үкіметтің азаматтарға шексіз билік орнатуына мүмкіндік берді.

Енді карантин талаптарын бұзған «қызыл мәртебесі» бар адамдардың есімдері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, деп хабарлады ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) отырысында

«Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысы өтті. Отырыста Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың а.ж. 19 шілдедегі елдегі эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру мәселелері қаралды», — делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.

Вице-премьер қысқа мерзімде Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша келесі шараларды қабылдауды тапсырды:

  • жаңа штаммдардың пайда болуын ескере отырып, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел іс-қимылдардың нақты жоспарын әзірлеу және енгізу;
  • «QazVac» отандық вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеу және оны одан әрі үшінші елдердің нарықтарына шығару мәселесін пысықтау, осы бағытта нақты жол картасын әзірлеу; карантиндік шектеулерді сақтауға қойылатын талаптарды қатаңдату мәселесін пысықтау;
  • вакциналау қарқыны төмен өңірлерге әдістемелік көмек көрсету үшін көшпелі бригадаларды қалыптастыру; коронавирусты диагностикалау мен емдеу хаттамаларына сәйкес реанимация бөлімшелері мен жедел медициналық көмек қызметтерін қосымша жарақтандыруды қамтамасыз ету жөнінде нақты ұсыныстар енгізу;
  • коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу үшін «Ремдесивир» препаратын орталықтандырылған сатып алу мәселесін шешу жөнінде шаралар қабылдау;

 

Ішкі істер министрлігі басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жалған вакциналау паспорттарын жасаудың жолын кесу жөніндегі ведомствоаралық арнайы топ құрсын;

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Атамекен» Ұлттық палатасымен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, бизнес субъектілерін «Ashyq» бағдарламасына енгізу жөніндегі талаптарды жеңілдетсін.

Ералы Тоғжанов мониторинг топтарының жұмысының маңыздылығын атап өтіп, ҚР ІІМ мен әкімдіктерге осы бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырды. Бұдан басқа, ВАК «Ashyq» арқылы тіркелген қоғамдық орындарға баратын «қызыл» және «сары» мәртебесі бар адамдарға қатысты шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдады. Енді карантин режимін «қызыл» мәртебесі бар бұзушылардың есімдері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Сондай-ақ, вице-премьер Е.Тоғжанов мемлекеттік органдардың басшылары мен өңірлердің әкімдіктеріне вакциналау тұрғысынан түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ халықты коронавирус инфекциясынан вакциналаумен қамтуды арттыру туралы нақты тапсырмалар берді.

Добавить комментарий