Коронавирус адам жанын алуын жалғастыруда, 54 өлім жағдай тіркелді

Оның ішінде коронавирустан қайтыс болған 48 адамда ПТР нәтижесі оң, ал алтауында теріс болды.

16 шілдедегі мәлімет бойынша, 50 457 адам коронавирус инфекциясынан (–48 894 + және 1563 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 16 186 пациент стационарда, 34 271 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

934 адамның жағдайы ауыр;

225 пациенттің жағдайы өте ауыр;

117 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 7-12 шілде аралығында коронавирустық инфекция мен пневмонияның 111 өлім жағдай тіркелді, ал 13 шілдеде коронавирус пен онымен байланысты пневмониядан 57 адам қайтыс болды.

Добавить комментарий