Қазақстандық полицияның хабарлауынша, елімізде адам саудасы мен соған байланысты қылмыстар саны артып келеді.
2021 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстанда адам саудасына байланысты қылмыс өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп тіркелген.
Сарапшылардың айтуынша, қылмыстардың басым бөлігі жезөкшелікпен айналысу үшін және жеңгетайлыққа арналған притондар ұйымдастыруға немесе ұстауға қатысты болды: Былтыр 20 жағдай тіркелсе, биыл 35 жағдай.
«Тағы 8 жағдай кәмелетке толмағандарды сатумен, 7 жағдай кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тартуға, 6 жағдай адам саудасына және жезөкшелікке тартуға, 1 жағдай пайдалану мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыруға қатысты болды», — делінген зерттеуде.
Биылғы бес айда кәмелетке толмағандарды сатқаны үшін 25 адам, жезөкшелікпен айналысу үшін притондарды ұйымдастырғаны немесе ұстағаны және жеңгетайлық үшін 6 адам, адам саудасы үшін 4 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Олардың көпшілігі — Қазақстан азаматтары, сондай-ақ «кәмелетке толмағандарды сату» бабы бойынша ТМД елдерінің 2 азаматы қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Адам саудасына байланысты қылмыстарға кінәлілердің барлығы дерлік — орта немесе орта-арнайы білімі бар жұмыссыздар.
Жыл басынан бері мұндай құқық бұзушылықтардан 25 адам*, оның ішінде 23 әйел, 9 кәмелетке толмаған бала зардап шекті.
- «пайдалану мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру» (126-бап 3-т. 2-б.) бабын ескермегенде