Жақында Ресей мен АҚШ арасында тарихи кездесу өтуі мүмкін

Болжам бойынша, кездесуде Ресей мен АҚШ стратегиялық шабуыл қаруларын (СНВ-III) шектеу туралы келісімін ұзартуы мүмкін. Дереккөздердің айтуынша, Трамп сайлаушыларға келісім жасауға қабілетті екенін көрсетпекші.

Сондай-ақ, Трамп өзінің көмекшілеріне 3 қараша — АҚШ-тағы сайлау күніне дейін Путинмен кездесу өткізгісі келетіні туралы мәлімдеді.

Стратегиялық шабуыл қаруларын одан әрі қысқарту және шектеу жөніндегі шаралар туралы келісімнің (СНВ-III) қолданылуы 2021 жылы аяқталады және оны ұзартуды Трамп президент лауазымы үшін күрестегі позициясын нығайту мүмкіндігі ретінде қарастыруы мүмкін.

Басылымның хабарлауынша, Ақ үй президенттерді қарсы алу үшін әртүрлі нұсқаларды қарастыруда. Нұсқалардың бірі Нью-Йорк деп аталады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Трамп Путиннің Иран бойынша саммит өткізу туралы ұсынысынан бас тартқан болатын. РФ Президенті Иран мен Германияның қатысуымен БҰҰ ҚК мүшелерінің онлайн-саммитін шақыруды ұсынды.

Добавить комментарий