Норвегияда әлеуметтік желілерге тиісті белгісі жоқ ретуштелген суретті жариялауға тыйым салынды

Норвегияда әлеуметтік желілерде жарияланған ретуштелген суреттерге белгі қою міндеттелетін заң қабылдады.

Жаңадан қабылданған заң Instagram, Facebook, Snapchat, TikTok және Twitter-дегі жарнама жазбаларына қатысты.

Егер блогер немесе инфлюенсер өзгерткен болса, яғни — дененің немесе бет-әлпетінің пропорциясын өзгертіп, оның түрін сәндеп, фильтр немесе маска салса, онда оны редакцияланған деген таңбамен интернет-кеңістікте жариялауға міндетті.

Бұл бастаманың мақсаты — жасанды сұлулықпен күресу. Әсіресе, олар балалар мен жасөспірімдерге кері әсерін тигізеді, деп есептейді заң шығарушылар.

Отбасы және балалар істері министрлігі ұсынған маркетинг туралы заңға енгізілген түзетулерге 72 парламент мүшесі дауыс берді. 15-і қарсы болды.

Заң жобасы Норвегия королі V Харальд қол қойғаннан кейін күшіне енеді

Добавить комментарий