Алматы қаласы бойынша ТЖД аптап ыстық туралы хабарлап, ауа райына байланысты ескерту жариялады.
«Қазгидромет» РМК-нің дауылды ескертуіне сәйкес Алматы қаласында аномальды ыстық ауа теспературасы сақталады. Күндіз термометр бағанасы +36+38℃ дейін көтеріледі, — делінген хабарламада.
Ыстық ауа райы, әсіресе жүрек-қан тамырлары ауруларымен, артериялық гипертензиямен ауыратын адамдар үшін, сондай-ақ инфаркт пен инсульті бар адамдар үшін қауіпті екені атап өтілді.
Сыртқа шықпай, үйде болуға тырысыңыздар. Жүрекке салмақ түсipетiн дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылданбаңыздар. Дәрігердің ұсынымдарын қатаң сақтап, тағайындалған дәрі-дәрмектерді уақытында қабылдау керек. Артериялық гипертензиямен ауыратын адамдарға қан қысымын үнемі бақылау қажет, — деп толықтырды ТЖД өкілдері.
Қала тұрғындары мен қонақтарын күн сәулесiнiң әсерiнен сақтану үшiн серуенге шықпауға шақырамыз!