Қазақстанның бұыңғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев келесі жылы елорда көшелерін тұмшалаған қара түтіннен құтылатынын айтты.
«Бүгінгі таңда еліміздің оңтүстігінен мың шақырымнан астам газ құбыры тартылған. Елорда ғана емес, Қарағанды, Жезқазған, Петропавл және Көкшетау қалалары да газға қосылды. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан табиғи газбен 30 пайызға ғана қамтамасыз етілген, ал 2022 жылы бұл көрсеткіш жүз пайызға жетеді», — деді Елбасы.
Оның айтуынша, келесі басты мақсат — елордалық ЖЭО-ларды газға көшіру.
«Соңғы жылдары қала қара түтінге тұмшаланды. Бұған жол бермеу үшін қалалық энергия көздерінің барлық қазандықтары газбен ауыстырылады», — деп түйіндеді ол.
Нұрсұлтан Назарбаев барлық жұмыс келер жылы аяқталатынын атап өтті.
Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда жаңа жоғары оқу орнының құрылысы туралы айтқан болатын.
Айта кетейік, «Qazaqstan» телеарнасының эфирінде «Nur-Sultan Қолтаңба» деректі фильмі жарық көрді., онда Нұрсұлтан Назарбаев елорданы дамытудың өткені мен болашағы туралы айтты