Ресейде Брянск, Перм және Комсомольск-на-Амур қалаларында Максим Марцинкевичтің (Тесак) ізбасарлары құрған неонацистік екі топтың жолы кесілді.
Бұл туралы ФҚҚ Қоғамдық байланыстар орталығы (ҚБО) хабарлады.
ФСБ хабарлағандай, «аталған ұйымның ұсталған мүшелері «Реструкт» неонацистік қозғалысының бұрынғы көшбасшысы М. Марцинкевичтің (2020 жылы өз-өзіне қол жұмсады) табынушылары болып табылады және және өздерін «оның ісін жалғастырушылары» деп есептейді.
ФҚҚ мәліметінше, аталған топтың мүшелері Солтүстік Кавказ бен Орталық Азиядан келген мигранттарды «Ресейден қууды», «ақ» мемлекет құруды және Ресейде «нацистік құрылым» орнатуды қолдайды, сондай-ақ бүкілресейлік радикалды саяси құрылым құруды жоспарлаған.
«Ұсталғандар экстремистік сипаттағы ақпараттар жазылған парақшаларды басып шығарып, таратып, ұлттық белгісі бойынша адамдарға қатысты зорлық-зомбылыққа шақырған графиттилерді салған, қарулану мен келісілмеген акцияларға қатысу жөніндегі жоспарларды талқылады, Мәскеу мен Санкт-Петербургке наразылық шараларына қатысуға дайындалды, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне шабуыл жасау үшін орман алқабына шығып, жаттығулар өткізді», — деп атап өтті ҚБО өкілдері. Арнайы қызметтің мәліметінше, өздеріне назар аударту үшін топ мүшелері Ресейдегі әлеуметтік-саяси жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған резонанстық акцияларды жоспарлаған, сырт келбеті славяндарға ұқсамайтын адамдарға, ЛГБТ белсенділеріне шабуыл дайындап, ол үшін ұйымның «жауынгерлік қанатын» қалыптастырған.
Тінту жұмыстары барысында атыс қаруына арналған травматикалық тапаншалар мен оқ-дәрілер, суық қару, экстремистік мазмұндағы кітаптар, нацисттік атрибутика, олардың құқыққа қарсы қызметін растайтын фото- және бейнематериалдары бар байланыс мен коммуникация құралдары тәркіленді.
Қылмыстық іс қозғалып, моның шеңберінде жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу амалдары жалғасуда.