Қостанай облысында құтырма ауруына шалдыққан қасқырға таланған 50 жастағы әйел қайтыс болды.
Оқиға 6 маусымда болды. Қостанай облысының Ұзынағаш ауылында итқұс бірнеше адамға тап берген.
Әуелі оны жергілікті жылқышы байқаған. Қасқыр оған тап бергенде, жыртқыш аңға жылқылар тойтарыс берген, ол қашып кетті. Артынан итқұс 19 жастағы жігітке шабуыл атылды, бірақ онымен арпалысып қуып жіберді.
Артынан қасқыр сиыр сауып отырған 50 жастағы әйелға шапты. Әйел айыр алып арпалысқан, дегенмен қасқыр оны талап кетті.
Келіншектің жанұшыра айқайлаған дауысына көршілері жүгіріп келді. Олар ауылда мылтығы бар жалғыз адам — Жақсылық Сәдуақасовқа қоңырау шалды. Қасқырды ауыл болып, бірнеше машинамен қуды, оны Жақсылық атып өлтірді.
Зардап шеккендерді Меңдіқара ауданына жеткізді. Өлген қасқырда құтырудыңбар-жоғын зерттеу үшін аудан орталығына алып кетті.
2 шілдеде итқұсқа таланған әйелдің ауруханада қайтыс болғаны белгілі болды.
Жыртқыштың шабуылынан кейін Бидагүл түнге жақын орталық ауруханаға жеткізілді. Қасқырдың адамға тап беруі — ТЖ болып табылады, ал осы жағдайда жәбірленуші қатты зардап шегіп, ауыр жарақат алды.