Бүгіннен бастап дүкенде сатылымда тұрған темекінің барлық түрі дүкен сөрелерінен жойылды. Ал олардың бағасы қайтадан өсті.
1 шілдеден бастап темекі қорабының бөлшек саудағы минималды бағасы 520 теңге шамасында. Минималды баға 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін болады. Содан кейін әр жарты жыл сайын ол 550, 570 және 600 теңгеге дейін көтеріледі (2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап).
Аталған өзгерістер Премьер-Министр Асқар Мамин 2020 жылғы қыркүйекте Үкімет қаулысына енгізген түзетулерде қарастырылған.
1 шілдеден бастап «Халық денсаулығы туралы» кодекстің нормасы күшіне енеді, оған сәйкес дүкен сөрелеріне темекі өнімдерін ашық орналастыруға тыйым салынады. Бұл темекі шегушілерді және зиянды әдетті тастағысы келііпі жүргендерді импульсивті сатып алудан қорғау үшін жасалады.
Тек темекі бұйымдарына ғана емес, сонымен қатар қыздырылатын темекі (IQOS, GLO) бұйымдарына, кальянға арналған темекіге, кальян қоспасына, темекіні қыздыруға арналған жүйелерге, тұтынудың электрондық жүйелеріне және оларға арналған сұйықтықтарға да тыйым салынады.
Сатып алушылар ақ парақта қара мәтінмен жазылған тізімнен темекі өнімдері мен бағасын біле алады. Тізімде қандай да бір графикалық суреттер немесе бейнелерді орналастыруға тыйым салынады.
Сатып алушы тізіммен танысқаннан кейін оның талабы бойынша темекі өнімін көрсетсе алады.
Газ қымбаттайды
1 шілдеден бастап Қазақстанда тауарлық газдың шекті көтерме бағасы әр өңірге байланысты орта есеппен 11%-ға көтеріледі. Бұл, өз кезегінде, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің болжамы бойынша, қарапайым қазақстандықтар үшін газ орта есеппен 6,1%-ке қымбаттайды.