Алматыда вакцина сапасы бақыланады

Алматыда вакциналау процесінің сапасын бақылайтын арнайы жұмыс топтары құрылды. Бұл туралы оңтүстік астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Алматыда екпе пункттерінің жұмыс сапасын және вакциналау технологиясының сақталуын бақылайтын арнайы жұмыс топтары құрылды», — делінген сәрсенбіде таратылған хабарламада.

Қала әкімдігінде түсіндіріп өткендей, «негізгі мақсат — үнділік «дельта» штаммының циркуляциясы аясында эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы салдарынан қалалықтардың өмірі мен денсаулықтарын қорғау үшін вакциналау қарқынын арттыру».

«Өткен тәулікте Алматыда барлығы 12 275 адамға вакцина салынды. Барлық кезеңде 450 мыңға жуық алматылық вакцинадан өтті», — деп нақтылады Алматы әкімдігі.

№ 18 қалалық емхананың терапевті Сымбат Бердібектің айтуынша, вакцинацияға тұрғындар тарапынан қызығушылық » өте жоғары».

«Күн сайын бізге вакцина алу үшін 200-ден 250-ге дейін адам келеді, қазіргі кезде біз 4000-ға жуық адамға вакцина салдық. Вакциналар салқындатқыш және мұздатқыш камераларда сақталады, мысалы, Спутник V вакцинасының дозалары -18 ден -24 дейінгі температурада, қазақстандық вакцина +2 +8 градус Цельсийде сақталады», — деді Бердібек.

Добавить комментарий