Қазақстанда АЭС құрылысы жөнінде мәселесі тағы көтерілді

Осы жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке 2035 жылға дейінгі ҚР энергетикалық теңгерімін әзірлеуді тапсырды. Мемлекет басшысының осындай тапсырма беруіне Қазақстанның батысында болған энергия жүйесіндегі апат түрткі болды. Сондай-ақ, елде 2027 жылға қарай электр қуаты тапшы болады болжанып отырғанына байланысты осы тапсырма берілді.

Аталған мәлімдемеден кейін, Ресей ҚР-дағы елшісі Алексей Бородавкин арқылы Қазақстанда АЭС салу жобасын жүзеге асыруға дайын екенін мәлімдеді. Ресей осы жобаға атсалуға дайын екенін білдірген алғашқы жағдай емес. Батыс сарапшылардың пайымдауынша, Кремльдің ҚР аумағында АЭС салуға деген мүддесі Қазақстанның атом электр станциясын салу арқылы энергетикаға тәуелді болмауы емес, РФ-ның Орталық Азиядағы ықпалын нығайту ниетін білдіреді.

2019 жылы Қазақстан Президенті ел аумағында атом электр станциясын салу жоспарланып отырмағанын мәлімдеді.

Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясы құрылыс жұмыстарын бастауы үшін қазақстандық билік басындағылар мақұлдау қажет. Көптеген қазақстандықтар мен үкімет мүшелері елдегі электр энергиясының жетіспеушілігіне қарамастан, АЭС құрылысына бірнеше рет қарсы шыққан, нәтижесінде Қазақстан жетіспей жатқан көлемдерді көрші елдерден сатып алады.

Батыс сарапшыларының айтуынша, осы мәселе бойынша ҚР мен РФ ынтымақтастығы Қазақстанның саяси және экономикалық, сондай-ақ экологиялық жағынан ауыр салдарларға әкеледі.

Олардың пікірінше, Ресей бар күш-жігерімен бұл жобаны жүзеге асыруды қалайды, себебі ол оған өңірде белгілі бір геосаяси қол жеткізуге септігін тигізеді. Бірінші кезекте ҚР атом саласына ықпал ету. РФ атом электр станциясын техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары, сондай-ақ мамандарды даярлау арқылы басқара алады.

АЭС салу шығыны көп жоба, түрлі бағалаулар бойынша ҚР-да АЭС құрылысына бес миллиард доллардан астам қаржы қажет. Қазақстан экономикалық жағдайын ескере отырып, Ресейден несие алуы мүмкін.

Добавить комментарий