Экологтардың пікірінше, «Сары-Шаған» полигонындағы сынақтар экологияға ауыр зардап келтіреді

2021 жылғы сәуірде Ресей Федерациясы «Сары-Шаған» полигонында жаңа зымыранға қарсы жүйені сынақтан өткізді, оның бір бөлігін РФ 1996 жылдан бері Қазақстаннан жалға алып келеді. Бұл Еуразиядағы зымыранға қарсы қаруды сынауға арналған жалғыз алаң, ол Балқаш көлінің солтүстік-батысы мен батысында, Бетпақ-Дала шөлінде орналасқан.

Ресей 2018 жылы полигондағы табысты зымыран сынақтарынан кейін экологтар дабыл қаққан. Жергілікті экологтар шөлейт жердің экологиясына төнетін ауыр зардаптар туралы мәселені көтеруде, өйткені аумақ улы қалдықтармен ластануда.

Қырғызстан да осыған ұқсас проблемаға тап болды. Қырғызстанның азаматтық белсенділері 2018 жылы билік басындағыларды Ыстықкөл көлі маңындағы әскери жаттығуларда Ресейдің жауынгерлік снарядтарды пайдалануын тоқтатуға шақырған.

Ресейдің мұндай әрекеттері — кеңес заманының жаңғырығы, Одақ ыдырағаннан кейін көптеген полигондар Ресейдің шекарасынан тыс жерде қалды, ал басқалары екі елдің аумағында да орналасқан. Мысалы, Ресейде орналасқан Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығы Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының аумақтарын пайдаланады, жалпы ауданы 1,6 млн гектар жерді құрайды.

Добавить комментарий