Алматы: үнді штаммының ықтимал 11 жағдайы анықталды

Қазақстанда коронавирустың мутацияланған штаммдарын анықтау бойынша зерттеулер жүргізілуде.

Тестілеуден өткен сынамалардың нәтижелері бойынша 23 маусымдағы жағдай бойынша бір оң нәтиже алынды. Басқа сынамаларды зерттеу жалғасуда.

«24 маусымда қосымша зерттеуде 10 адамда оң нәтиже анықталды. 24 маусым күнгі 18:00-дегі жағдай бойынша ықтимал «үнді» штамының оң нәтижесімен 11 адам тіркелді. Сынамалар одан әрі зерттеуге жіберілді», — деді Алматы қаласы ДСЭК басшысының орынбасары Әсел Қалықова.

Добавить комментарий