Кубаның коронавирусқа қарсы шығарған Abdala вакцинасын зерттеу қорытындысына сәйкес, оның тиімділігі 92% дәлелденді.
Препаратты екі апталық аралықпен үш доза салу керек. Вакцинаны сынау өткен жылдың желтоқсан айында басталды, оған шамамен 50 мың адам қатысты. Егер кубалық вакцина халықаралық тексеруден өтсе, онда бұл арал мемлекетінің биофармацевтика саласында елеулі жетістік болады.